АҚШ-та COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 14 желтоқсанда басталады

13 Желтоқсан 2020, 12:11
1456
Бөлісу:
АҚШ-та COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 14 желтоқсанда басталады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Дональд Трамп әкімшілігінің өкілі Biontech және Pfizer компанияларының вакциналарын тасымалдау басталып кеткенін айтты.

Америка Құрама Штаттарында Biontech және Pfizer компанияларының коронавирустық вакцинасының алғашқы партиясы осы дүйсенбіде 145 вакцинация орталығына жеткізіледі, содан кейін мамандар вакцинацияны бастайды. Бұл туралы сенбі, 12 желтоқсанда Ақ үйдің вакцинация бағдарламасы жетекшілерінің бірі генерал Гас Перна «FoxNews» телеарнасы эфирінде хабарлады.

Сонымен қатар, сейсенбі мен сәрсенбіде препаратты өте төмен температурада сақтауға арналған жабдықтары бар тағы 425 және 66 орталық алады.

Президент Дональд Трамп әкімшілігінің өкілі вакцинаның үш миллион дозасын тасымалдау басталып кеткенін айтты. Препаратты жеткізудің бірінші кезеңі 16 желтоқсанда аяқталады.

Пернаның айтуынша, COVID вакцинасын барлық штат алады. Сондай-ақ, генерал препараттың бүкіл елге таралуы 100% қауіпсіз болатынына сенім білдірді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та коронавирустық инфекцияның 16,5 миллион жағдайы расталды, оның 9,6 миллион адамы жазылып шықса, 305 мыңға жуық пациент қайтыс болған. Бұл ел әлемде вирус жұқтырғандардың саны, олардың өсім көрсеткіші, сондай-ақ COVID-тестілерінің саны бойынша көш бастап тұр.

Айта кетейік, күні кеше Трамп АҚШ-та вакцинация бірер күнде басталатынын мәлімдеген еді.


 

Өзгелердің жаңалығы