Ақмолада әлеуметтік тауарлар нарықтағы бағадан 10-15% арзанға сатылып жатыр

18 Маусым 2021, 13:36
4796
Бөлісу:
Ақмолада әлеуметтік тауарлар нарықтағы бағадан 10-15% арзанға сатылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар. Күн сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.  

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-баспасөз мәжілісінде айтты.

Аймақта әлеуметтік маңызды тауарларға бағаны тұрақтандыру аясында жергілікті тауар өндірушілер 1,1 миллиард теңгеден астам сомаға азық-түлік тауарларының 7 түріне несие алды. Биылғы жылы бағаны тұрақтандыру тетігін одан әрі іске асыру үшін облыстық бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, - дейді Ермек Маржықпаев.

Оның айтуынша, облыс орталығында «KOKSHE MARKET» әлеуметтік павильондарының желісі кеңейіп келеді.  

Бүгінде оның төртеуі ашылды. Тұрақтандыру қорының тауарлары ол жерде нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылып жатыр. Өңірде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар. Күн сайын бұл бағытта мониторинг жүргізіліп келеді. Сондай-ақ сауда үстемесіне қатысты субъектілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы