Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында 102 ет және 17 сүт-тауар фермасы құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.
Спикердің ақпараты бойынша, құс етінің үштен бір бөлігінен астамын, өңделген сүттің әрбір бесінші тоннасы өндіретін Ақмола облысы өңірдің ғана емес, елорданың да қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Жыл басынан бері шаруашылықтардың барлық санаттары шамамен 140 мың тонна ет, 323 мың тоннаға жуық сүт және 560 млн дана жұмыртқа өндірді. Өңделген ет өндірісі 1,5 есеге, сары май – 28% ұлғайды. Ірі қара мал 479 мың басқа, ұсақ мал – 598 мың басқа, жылқы – 224 мың басқа, құс – 9,4 млн басқа дейін өсті, - деді облыс әкімі.
Бұдан әрі Ермек Маржықпаев облыс кезең-кезеңімен әр ауданда ет және сүт-тауар фермаларын құру мақсатына қарай жылжып келе жатқанын атап өтті.
Бүгінде 5 мың басқа арналған 102 ет фермасы және 2 мың басқа арналған 17 сүт-тауар фермасы құрылды. Өңірде етті құс шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Биылғы жылы Аршалы ауданында жылына 6 мың тонна ет өндіретін «Ақ-дала Агро» ЖШС құс фабрикасының 1-кезеңінің құрылысы аяқталды. Келесі жылы Макинск құс фабрикасының үшінші кезегінің іске қосылуымен қуаттылығы жылына 75 мың тонна тауық етіне жетеді, бұл өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді, - деп түйіндеді облыс басшысы.Жалпы, жыл қорытындысы бойынша өңірде 6 мың басқа 112 ет фермасын және 4 мың басқа 19 ет фермасын іске қосу жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: