Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді

Ал таспа жаттығуының финалында қазақстандық спортшы 27,350 ұпай жинап, сегізінші орын алды.

 olympic.kz 17 Тамыз 2026, 01:25
17 Тамыз 2026, 01:25
199
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнастшы Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатындағы өнерін сәтті аяқтады.

Турнирдің қорытынды күнінде, Ақмарал Ерекешева шығыршықпен емес, екі ұршықпен (булавамен) жаттығу финалында 29,400 ұпай жинады.

Ал таспа жаттығуының финалында қазақстандық спортшы 27,350 ұпай жинап, сегізінші орын алды.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты Акмарал Ерекешева үшін ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін жас гимнастшы жеке көпсайыста әлемнің үздік алты спортшысының қатарына еніп, жоғары нәтиже көрсеткен.

Наверх