Әкімдік қызметкерлері 3 жыл бойы негізсіз жалақы алып келген

26 Ақпан 2024, 11:33
582
Бөлісу:
Әкімдік қызметкерлері 3 жыл бойы негізсіз жалақы алып келген
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізді.

Соның нәтижесі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды. Бұл дерек бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкция бойынша сотталушылардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы