Әкім Тарази «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

13 Желтоқсан 2021, 08:38
1933
Бөлісу:
Әкім Тарази «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.     

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:  

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Әшімов Әкім Ұртайұлы – жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы.

 

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:  

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:  

Төлетаев Мұхтар Есенжанұлы – «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы

Хмелев Александр Леонидович – «Казцинк» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы.

 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.       

 

Қазақстан Республикасының  

          Президенті                                   Қ.Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы