Ақан Сатаев Серік Сәпиев туралы фильмнің трейлерін таныстырды

8 Маусым 2021, 22:22
2223
Бөлісу:
Ақан Сатаев Серік Сәпиев туралы фильмнің трейлерін таныстырды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Боксшы» атты жаңа фильмінің трейлерін көрсетті.

Видеоны режиссер өзінің Instagram парақшасында жариялады. 


Бұл фильм шынайы оқиғаларға негізделген Серік Сәпиевтің Олимпиадалық жетістіктері туралы фильм. 

Фильмнің трейлері боксшының өмірбаянынан алынған сәттерден басталады. Спортшының Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келгені, сол жерде бокспен айналыса бастағаны белгілі. 

Видеода боксшының  өмір жолы және оның аренадағы жеңісті сәттері  көрсетілген. 

Жеңіліссіз жеңіс болмайды. Ең бастысы — ешқашан берілмеу, - дейді тренер  трейлердің бір эпизодында.

Өзгелердің жаңалығы