Air Astana ұшақтары Қарабақ аумағын айналып ұшуда

20 Қыркүйек 2023, 01:38
678
Бөлісу:
Air Astana ұшақтары Қарабақ аумағын айналып ұшуда
Фото: baq.kz

Air Astana компания ұшақтары Қарабақ аумағын айналып өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты «Air Astana»-ның компаниялар тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге баратын/келетін рейстері аталған аумақты айналып өтумен жүзеге асырылып жатыр. Авиакомпания жағдайды жіті бақылап отыр және ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарабақ өңірінде жергілікті деңгейде антитеррорлық шараның жалғасып жатқанын айтты. Ал Арменияның Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан тарапының ұстанымын өңірдегі жаңа әскери шиеленіске дипломатиялық дайындық ретінде бағалап отыр.

Өзгелердің жаңалығы