Аида Балаева Әзербайжан делегациясымен кездесу өткізді

16 Қыркүйек 2021, 17:37
5008
Бөлісу:
Аида Балаева Әзербайжан делегациясымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Аида Балаева Нұр-Сұлтандағы Еуразиялық Медиа форумның қатысушылары Әзербайжан Республикасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімінің басшысы К.Гасанов, Телевизия және радио жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы А. Исмаилов, Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімі басшысының орынбасары О. Саттаров, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Атамогланов, «Әзербайжан телевизиясы және радиохабары» ЖАҚ төрағасы Р. Маммадов қатысты.

Аида Балаева Әзербайжан делегациясымен кездесу өткізді

Министр А.Атамоглановты жақында Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Оған қоса Аида Балаева Әзербайжан аумағында кабельдік операторлар торында «Qazaq tv» телеарнасының хабар таратуына көмек көрсетуді сұрады, сондай-ақ Министрліктің Әзербайжан телеарналарымен бірлескен жобаларды іске асыруға, медиасаладағы мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

А. Балаева Әзербайжан өкілдерін ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде өтетін «Astana Media Week» медиаапталығына қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Өзгелердің жаңалығы