АИ-95 бензині неге қымбаттайды?

12 Шілде 2023, 13:29
2319
Бөлісу:
АИ-95 бензині неге қымбаттайды?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы мен қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жанармай құю станцияларының бағаны көтеруге құқығы бар

АИ-95 маркалы бензинінің тапшылығы туындауы мүмкін екені байқалып отыр. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажет көлем жинақталып, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес осы отын жіберіліп жатыр. Иә, тұтыну көлемі жоғары болатын бағыттарда ақау (жетіспеушілік – ред.) болуы мүмкін. Тапшылық ішкі жеткізілім есебінен жойылады, - деді Сәтқалиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, АИ-95 бензині бағасы реттелмейтін отын түрі болып саналады.

Сондықтан жанармай сатушылар бағаны көтеруге құқылы. Біз, Энергетика министрлігі ретінде тек баға индикаторы бойынша ұсыныс бере аламыз. Біз отынның осы түріне бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін өнім иелері және жанармай құю станцияларына иелік ететін кәсіпорындармен жұмыс жүргіземіз, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы