Ахметжанов сервистік қызмет көрсету туралы: Көктен түсетін модель емес
20 Мамыр, 13:02 473

Ахметжанов сервистік қызмет көрсету туралы: Көктен түсетін модель емес

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов   «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форумның кулуарында айтты.

Сервистік модель деп қанша уақыт бойы айтып жатырмыз. Екі облыста пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сервистік модель-  дайын формуланы әкеліп қоя қою емес. Ол - күнделікті жұмыс, өлшемдерді өзгерту. Халыққа жақын болып, ол қойған талапқа сай жұмыс істеу. Салдарымен емес, себептермен күресу. Проблеманы шешуге бағытталған модель,- деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, қылмыстың ашылуы мен тергелуі, сотқа жіберілуін қадағалау да маңызды.

Жәбірленушінің құқығын қорғау - біздің міндетіміз. Алайда ондай жағдайды мүлдем болдырмауға ұмтылу керек. Қоғамдағы проблемаларға сараптама жасап, алдын ала шешу бойынша жұмыс істеу керек. Азаматтар полицияның жұмысын білмегені дұрыс. Ешқандай қауіпсіз өмір сүру деңгейіне жеткізу керек. Сервистік модель дегеніміз ешқандай формула емес, көктен түсетін модель емес,- деді Ахметжанов.


Фото: дереккөз
Загрузка...