Ахмет тойы 1 қазанда өтеді

21 Қыркүйек 2022, 12:05
1607
Бөлісу:
Ахмет тойы 1 қазанда өтеді

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді.

Қостанай облысы Мәдениет басқармасының директоры Ерлан Қалмақовтың айтуынша, өңірдегі жағдайдың тұрақталғанына байланысты Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні атап өтілетін болады. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді.

Бағдарлама бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасау, музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы