АХҚО тауар биржасын дамытуға ерекше көңіл бөледі

26 Тамыз 2021, 23:10
2896
Бөлісу:
АХҚО тауар биржасын дамытуға ерекше көңіл бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QazTrade және «Астана» халықаралық қаржы орталығы экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау операторы сауда саласындағы ынтымақтастықты бастайды.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы және Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетовтың қатысуымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

QazTrade және АХҚО сыртқы экономикалық қызмет, электрондық коммерция, биржалық сауда, халықаралық электрондық алаңдарға шығу бағыттарының кең спектрі бойынша QazTrade және АХҚО-ның талдамалық және сараптамалық әзірлемелерімен алмасуға келісті.

Осылайша, ынтымақтастық бағыттарының бірі Қазақстанда электрондық коммерция мен қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеу болады. Атап айтқанда, QazTrade Fintech Hub акселерациялық бағдарламасының өнімдері мен резиденттерін маркетплейстерге шығару бойынша консультациялық-талдамалық қолдау көрсететін болады.

QazTrade және «Астана» халықаралық сауда орталығы АХҚО-да тауар биржасын дамыту шеңберінде тауарлар саудасы және олардың жеткізу тізбектері туралы деректерді жинау жұмысын, сондай-ақ басқа да ақпараттық-талдау жұмысын синхрондау мүмкіндігін жариялады. QazTrade сондай-ақ Орталыққа экспорттаушылармен және импорттаушылармен байланыс орнатуға көмек көрсетеді.

Трансшекаралық сауданы дамыту жөніндегі өзара іс-қимыл ынтымақтастық бағыттарының бірі болады.

Біз «Қорғас» трансшекаралық сауда-логистикалық хабтарында, «Орталық Азия» ТЫХО және басқаларында инфрақұрылым мен сауда рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстармен бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Бұл Қазақстанның шекара маңы индустриялық кешендерін құру жөніндегі бағытын ескере отырып, өте маңызды. Көптеген инвесторларды, соның ішінде шетелдік инвесторларды осындай хабтарда АХҚО құқығы шарттарында жұмыс істеу мүмкіндігі тартатын болады, - деді «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы.

Ынтымақтастық бағыттарының тағы бірі - акселерациялық бағдарламаларға қатысушылардың өнімдерін сыртқы нарықтарда, оның ішінде шетелде бірлескен өкілдіктер мен сауда үйлерін ашу арқылы ілгерілету болады. Қытай басым нарық ретінде қарастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы