Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

20 Тамыз 2020, 23:21
1260
Бөлісу:
Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездескісі келетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Мария Агапова (9-1) UFC Vegas 7 турнирі қарсаңында өткен виртуалды баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз әлемдегі жетекші MMA промоушені аясындағы үшінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Мен Трейси Кортеспен тағы бір кездесуді қалаймын, өйткені ол мені жеңген жалғыз спортшы. Көптеген жанкүйер онымен реванш өткізгенімді қалайды, - деді Агапова.

Америкалық Трейси Кортес Мария Агапованы 2019 жылдың 30 шілдесінде өткен Dana White's Contender Series турнирінде жеңген болатын. 

Айта кетейік, Мария Агапова 13 шілдеде UFC-дегі дебютін сәтті өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңген болатын. 

22 тамыз күні Лас-Вегаста қазақстандық спортшы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы - АҚШ файтері Шана Добсон.

Өзгелердің жаңалығы