Әділет министрі шетелге заңсыз кеткен активтердің мөлшері туралы айтты

23 Маусым 2023, 12:47
1676
Бөлісу:
Әділет министрі шетелге заңсыз кеткен активтердің мөлшері туралы айтты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Әділет министрі Әділет Есқараев шетелге кеткен активтерді мемлекетке қайтару қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министр заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтады.

Заң қоғамдағы әлеуметтік сұранысқа жауап беруге арналған. Бұл ауқымды деңгейдегі жемқорлыққа қарсы бағытталған заң жобасы. Жауапты тұлғалардың үлкен активтерге қол жеткізіп, сырт елге шығаруына қарсы нақты шешімдер осы заң жобасында көзделген. Ол үшін активтердің мөлшері 100 млн доллардан асуы керек. Екіншінден, заңда жоғары лауазымды және қолында экономикалық ықпалы бар азаматтардың болуы керегі көрсетілген. Активтерді қайтару заң жобасында ерікті және мәжбүрлі түрде қарастырылған. Яғни өз еркімен келісімшарт жасасады немесе тәркілеу арқылы және қылмыстық қудалау арқылы жүзеге асырылмақ, - деді Есқараев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы