Әділет министрі Назарбаевтың қандай құқықтары бар екенін айтты

13 Қаңтар 2023, 10:57
1519
Бөлісу:
Әділет министрі Назарбаевтың қандай құқықтары бар екенін айтты
VIDEO
Фото: автордан

Елбасы туралы заң күшін жойса ол қандай құқықтарынан айырылады? Бұл сұраққа Әділет министрі Азамат Есқараев жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Заң күші жойылғаннан кейін Тұңғыш президенттің отбасының шоттары мен мүліктеріне деген кепілдіктер күшін жояды, – деді Сенат отырысынан соң.

Журналистер ведомства басшысынан «экс-президент мемлекетке опасыздық жасаса, оны қандай жаза күтеді?» деп сұрады.

Заңда көзделген жаза қабылданады. Ол тергеп-тексеріліп, заңнамамен қаралады, – деді ол.

Сонымен қатар Есқараевтың сөзінше, экс-президенттің тиіспеушілік, қорғау кепілдігі баяғыша сақталады.

Тұңғыш президент мәртебесіне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпау тетіктері өзгермейді. Мұның бәрі заң бойынша жүзеге асады. Бұрын заң отбасы мүшелерінің шоты мен мүлігіне кепілдік берген. Бұл жаңа заң қабылданған соң жойылады, – деп түсіндірді Әділет министрі.

Өзгелердің жаңалығы