Әділет министрі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қандай проблема барын айтты

28 Наурыз 2022, 10:57
1417
Бөлісу:
Әділет министрі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қандай проблема барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде проблемалар әлі де жеткілікті. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы бастапқы бағалау құнының 75%-ынан төмен сатуға болмайды. Бұрын сатудың ең төменгі шегі 50% болған. Жалпы алғанда, маңызды мәселелер тобы атқарушылық іс жүргізу саласын автоматтандыру арқылы өз шешімін тапты, - деп айтты Мусин.

Министр баяндағандай, бүгінгі күні іс жүргізу әрекеттерінің 70%-ы автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары материалдармен онлайн таныса алады және процестік өтінішхаттарды, тараптардың кабинеті арқылы бере алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркелу осы мүмкіндікті ашады. Алайда, проблемалар әлі де жеткілікті, - деп айтты Әділет министрі.

Айтуынша, барлық банк министрліктің жүйесімен біріктірілмеген. 27 банктен 14 банк ақпараттық алмасуға қосылған.

Бұл орындату жүйесін толық көлемде автоматтандыруға, банктермен өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді, азаматтардың қарызды төлеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, олардың өмірлік белсенділігін жеңілдетеді. Сондай-ақ көлікке тыйым салу, алып тастау және жүргізуші куәлігі қолданысын шектеу мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігімен интеграция жоқ, - деп атап өтті Қанат Мусин Мәжілісте.

Сонымен қатар бүгінгі таңда үлкен және іс жүзінде шешілмейтін проблема - ол тараптарды тиесінше хабардар ету.

Ақпараттық жүйемізде қазіргі уақытта СМС-хабарлама бар. Бірақ бұл шара тиімсіз, өйткені ол хабарламаны борышкерге немесе өндіріп алушыға тиісті түрде жеткізуін қамтамасыз етпейді. Пошта арқылы хабарлама жіберу, ол жеткізу мерзімі мен құны бойынша архаизм екені анық. Хабарламаны бір тапсырыс хат арқылы жіберу үшін шамамен 400 теңге жұмсалады, - деп түсіндірді Әділет министрі Қанат Мусин.

Мемлекеттің құқықтық жүйесінде борышкерді уақытылы хабардар ету - міндетті шарт. 

Айтуынша, қазіргі уақытта министрлік бұл мәселені шешімін табу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті ұсыныстар жақын арада Үкіметке енгізіледі.

Бүгінгі таңда заң бойынша жеке сот орындаушының әрекеттері мен шешімдері тек сот арқылы шағымдалынады.

Мұндай сот даулары барлық сатыларды қоса алғанда 11 айға дейін созылуы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы