«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми Telegram-арнасы қазақстандықтардың әдемі датада неке тіркеуге деген қызығушылығы жоғары екенін хабарлады.
Неке қиюды тіркеуге өтініштер қабылдау 11 маусымда аяқталған.
Мемлекеттік корпорация атап өткендей, сандардың ерекше үйлесімі бар күндер дәстүрлі түрде болашақ ерлі-зайыптылар арасында үлкен сұранысқа ие.
Ең көп өтініш Алматы тұрғындарынан түскен – 830. Астанада - 740 өтініш, ал Шымкентте - 141 өтініш тіркелді.
«Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері әдемі күндер жыл сайын шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген қазақстандықтардың арасында ерекше сұраныс тудыратынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін үйленетіндер саны соңғы 20 жылдағы ең төмен деңгейге төмендегені айтылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда бес айда некеге мәжбүрлеу бойынша 12 қылмыстық іс сотқа жолданды – ІІМ
Алматыда 92 жастағы қария үйленді
Қорқыту мен бопсалау арқылы некеге мәжбүрлеу қылмыс саналады – омбудсмен