Жамбыл облыстық соты апелляциялық тәртіппен мұғалімнің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арыз беруші Шу ауданының мектеп-гимназиясында «қазақ тілі мен әдебиет» пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Материалдық жағдайдың нашарлауына байланысты ол несие берушілер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындай алмаған. Оның 6 банк алдындағы қарызының жалпы сомасы 16,4 теңгеден асқан.
Барлық кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің сомасы тұруға арналған міндетті шығыстарды есептемегенде 650 мың теңгеден асты. Шу аудандық соты оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарызды 5 жыл ішінде өтеуге мүмкіндік беретін тұрақты табысы бар екенін анықтады. Оған қатысты банкроттық рәсімдері қолданылмаған және борышкердің жосықсыз еместігі туралы дәлелдер анықталмаған. 6 банктің 5-еуі арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Ұсынылған дәлелдемелерді ескере отырып, Шу аудандық соты арызды қанағаттандырды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолданды, - деп хабарлады Жамбыл облыстық баспасөз қызметінің өкілі Алина Райымбаева.
Шешіммен келіспей, банктердің бірі оған апелляциялық шағым түсірген. Істің материалдары мен апелляциялық шағымның дәлелдерін зерттегеннен кейін сот алқасы бірінші сатыдағы сот істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтап, заңнама нормаларын тиісті қолданды деген қорытындыға келді.
Шу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз, ал банктің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Бұл шешім әйелге банктер алдындағы барлық қарызын кезең-кезеңімен өтеуге мүмкіндік берді.
Еске салайық, бұған дейін енді қарызын төлемегендерге кредит берілмейтіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар несие алуды азайтты
Қандай жағдайда сақтандыру компаниясы қарыз алушының несиесін өтейді?
Шілдеден бастап азаматтар несиелерін бір төлемге біріктіре алады