"Желмая" жобасының кезекті қонағы – ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Әбубәкір Смайылов, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді жүйелі түрде іздеумен айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым.
Екінші дүниежүзілік соғысқа нақты қанша қазақ қатысқаны туралы мәліметтер нақты ма қазіргі таңда? Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтардың саны 500 бе, одан көп пе?
Сүйегі табылған жауынгерлердің туыстарын қалай іздейсіздер? Арнайы базалар, мұрағаттар, ДНҚ сараптамасы қолданыла ма?
Қазіргі Қазақстанда із-түссіз кеткен майдангерлердің саны қанша деп есептеледі? Бұл мәселе ресми деңгейде қаншалықты зерттеліп жатыр?
Осы және өзге де сұрақтарға «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Әбубәкір Смайылов жауап берді.
Оқи отырыңыз: