Президентке Абайдың 175 жылдығын тойлау жөнінде мәлімет берілді

12 Тамыз 2019, 17:31
2474
Бөлісу:
Президентке Абайдың 175 жылдығын тойлау жөнінде мәлімет берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті. 


Өзгелердің жаңалығы