Абай туралы ЖИ жасаған контентке сақтықпен қарау керек – сарапшы

Бүгінде әлеуметтік желілерде Абайдың бейнесін сөйлетіп, оның өмірі мен шығармашылығын қысқа форматта таныстыратын видеолар таралып жатыр. Алайда олардың кейбірінде жасанды интеллектіге байланысты қателер кездеседі.

10 Тамыз 2026, 17:35
АВТОР
 әлеуметтік желідегі видеодан скриншот 10 Тамыз 2026, 17:35
10 Тамыз 2026, 17:35
111
Фото: әлеуметтік желідегі видеодан скриншот

Абайдың өмірі мен шығармашылығын жасанды интеллект арқылы танытатын контенттің көбеюі қуантады. Алайда мұндай материалдарды әзірлеуде сақтық қажет. Бұл туралы ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ақтанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «XXI ғасырдағы Абай мұрасының өзектілігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік желілерде Абайдың бейнесін сөйлетіп, оның өмірі мен шығармашылығын қысқа форматта таныстыратын видеолар таралып жатыр. Алайда олардың кейбірінде жасанды интеллектіге байланысты қателер кездеседі.

Бүгінде елімізде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндігі жақсы пайдаланылып, әлеуметтік желілерде Абайдың бейнесін сөйлетіп, қысқа видеолар шығарып жатыр. Бірақ кейбір видеоларда, өкінішке қарай, жасанды интеллект қателері кездеседі. Оған біз сақ болуымыз қажет, – деді Айман Ақтанова.

Ғалымның сөзінше, «Абай академиясы» ғылыми жобалар әзірлеп, оларды көпшілікке таратып келеді. Қазіргі таңда академияда Абайдың өмірі мен шығармашылығына, адамгершілік пен еңбек тақырыптарына арналған 50-ге жуық, ұзақтығы 1-2 минуттық видеокейс бар.

Айман Ақтанова Абай мұрасына қатысты баспа өнімдерінің мазмұнына да назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, кейбір кітаптарда Абайдың қара сөздеріндегі негізгі ой автордың жеке көзқарасы тұрғысынан талданып, ғылыми қателер жіберілуі мүмкін.

Кейбір баспалардан шығып жатқан кітаптарға да назар аударуымыз қажет. Себебі Абайдың қара сөздеріндегі негізгі ойды автор өз көзқарасымен талдап берген еңбектер бар. Ол жерде ғылыми тұрғыдан қарағанда ақау тұстары көп, – деді ғалым.

Осыған байланысты Айман Ақтанова Абайға қатысты еңбектерді ғылыми тұрғыдан саралап, мазмұнын тексеретін республикалық деңгейдегі арнайы мекеме қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтап, биылғы бұл атаулы күн еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Тағы оқи отырыңыз: Ұлы ақын туралы көпшілік біле бермейтін деректер 

Қазақстандағы барлық кітапхана бірыңғай электронды жүйеге біріктіріледі 

Нұрай Зинелова

Наверх