Биыл Абай шығармалары қайта басылады

9 Қаңтар 2020, 13:46
20069
Бөлісу:
Биыл Абай шығармалары қайта басылады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай Абайдың шығармаларын, өлеңдерін, қара сөздерін толықтырып басуды қолға алып отырмыз. 

Бұл туралы "Атамұра" корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхамед Ұлттық кітапханаға 1000 кітап табыстау кезінде айтты.

Жиын барысында ол "Атамұра" корпорациясы құрылғанына биыл 27 жыл толып отырғанын және осы аралықта көптеген ірі жобаны іске асырғандарын айтып өтті.

IMG_20200109_113430.jpg

"Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында "Абай" энциклопедиясын 60 баспа табақ, 100 мың данамен басып шығардық. Биыл осы энциклопедияны және Абайдың басқа да шығармаларын толықтырып қайта басуды жоспарлап отырмыз", - деді корпорация басшысы. 

Сонымен қатар, ол бұдан бөлек көптеген үлкен энциклопедия шығарып жатқандарын жария етті.

Бұған дейін тұлғалық М. Әуезов энциклопедиясын басып шығардық. Бұл үлкен еңбекті талап еткен біздің туындыларымыздың бірі. Онда көптеген тың деректер қамтылды. Соңғы кезде Қазақстанды дүниежүзіне таныту мақсатында халықаралық тілдерде, әсіресе ағылшын тілінде көптеген кітап шығара бастадық. Мәселен, Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары, қазақтың дастарханы жайлы кітап бірнеше тілде шықты. Сонымен қатар, "Қазақтың тазысы", "Қазақстан гүлдері" сияқты кітаптар бірнеше тілде жарық көрді. Шетелдіктер тарапынан бұл кітаптарға қызығушылық жоғары. Және шетелдік көрмелерде жүлделі орындарға ие болды, - деді ол. 

Аталған корпорация ҚР президентінің "Құрмет" дипломымен марапатталған. Парижде корпорацияға Өндіріске ықпал ету ассоциациясының (SРІ) алтын медалімен, Женевада Халықаралық Алтын жұлдызбен, Мальтада "Хрусталь рыцары" дипломымен, "Еліміздің үздік баспасы "Алтын жұлдызымен" марапатталыпты. 

IMG_20200109_102639.jpg

Сондай-ақ, "Атамұра" корпорациясы ТМД елдері бойынша Мәскеу қаласында өткен кітап көрмелерінде бірнеше рет арнайы дипломдармен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы