«Абай» шахтасы жабыла ма?

7 Қараша 2021, 17:55
1704
Бөлісу:
«Абай» шахтасы жабыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Абай» шахтасының алдағы тағдыры туралы айтты.

«Абай» кенішін жабу мәселесі қаралып жатыр ма? – деп журналист министрге сауал жолдады.

 

Бұл мәселе қазірдің өзінде жеке негізде қарастырылады. Осы жылдың мамыр айында Қарағанды ​​облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің осы кеніштің жұмысын тоқтату туралы бұйрығы сот органына жіберілгенін хабарлаймын. Экономикалық соттың шешімімен барлық материалды беріп, бақылау тексеріске енгеннен кейін біздің қызметкерлер шахтаның жұмысын тоқтатуға берілген ескертулердің жойылғанын анықтады. Сөйтіп шахта жұмысын жалғастырды, - деп айтты ТЖМ министрі Юрий Ильин.

 

Оның сөзінше, енді кеніштің одан әрі тағдыры оның ішінде метан қабаттарын бақылау кезінде қалыптасатын жағдайға және тексеріс нәтижесіне байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы