Абай облысының әкімі аймақтың әл-ауқатын көтеретінін айтты

23 Маусым 2022, 11:00
2900
Бөлісу:
Абай облысының әкімі аймақтың әл-ауқатын көтеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, аймақтың әл-ауқатын көтеруге басымдық беріледі. 

Ең бірінші кезекте экономиканы көтеру керек. Әрине, адамдардың өмір сүру сапасын арттыру біздің жаңадан құрылған облысқа ғана қатысты негізгі мәселелердің бірі емес деп ойлаймын. Экономикаға инвестиция тартамыз. Ауыл шаруашылығына басымдық берілетін болады. Бұрынғы Семей облысы аграрлық бағытта, мал шаруашылығымен, атап айтқанда, қой шаруашылығымен айналысқаны белгілі, - деп атап өтті облыс әкімі Үкіметтің кулуарында. 

«Тағайындалғаныма 10 күн ғана болды» дегенді алға тартқан жаңа облыстың жаңа әкімі ештеңені ойлап шығарудың қажеті жоқ деп отыр.

Жаңадан ештеңе ойлап шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұрыннан қалған дәстүрлі істерді қайтаруға тырысамыз, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске сала кетейік,  бұған дейін  Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2026 жылы шетелдік инвестициялар 25,5 млрд долларға дейін артатыны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы