Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

15 Шілде 2023, 01:21
675
Бөлісу:
Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Фото: Архив BAQ.KZ

Абай облысында “Qnet” ұйымдастырушылары 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылы К. тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, “Qnet” халықаралық компаниясының сайтына тіркелді. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында К. бұрынғы танысы Б.-мен бірікті. Бірлескен қызметке қатысу үшін, клубтық саяхат картасын сатып алу және “Qnet” компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде азаматтар жарна жасау керек болды. Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, оқыту семинарларын өткізуімен К. кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Нәтижесінде К. және Б-ның қаржы пирамидасына Қазақстан Республикасының жалпы 30 азаматы қосылды, олар өз кезегінде оларға сенім арта және адаса отырып жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды. Олар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Өзгелердің жаңалығы