Абай облысында өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ құрықталды

15 Ақпан 2023, 19:06
1034
Бөлісу:
Абай облысында өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ құрықталды

Абай облысында 4 млн теңгеден астам сомаға өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың 7 ақпанында “Аnti-fraud” ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері бір адамға 4 млн теңгеден астам несие ресімдеген алаяқты ұстады. 

2022 жылғы 18 желтоқсанда полицияға Жарма ауданының 57 жастағы тұрғыны жүгігініп, белгісіз адам өзінің дербес деректерін пайдаланып, мобильді қосымша арқылы 4 млн теңгеден астам сомаға түрлі банктерден онлайн-кредиттер ресімдегенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары 32 жастағы алаяқты ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастаған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы