Абай облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

20 Қаңтар 2024, 18:07
546
Бөлісу:
Абай облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды. Оқиға Көкпекті ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«102» арнасына белгісіз ер адамнан республикалық маңызы бар “Омск-Майқапшағай” тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, зардап шеккендер бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, “Mazda 626” маркалы автокөлігін басқарған 51 жастағы облыс орталығының тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен. Содан қарсы бағытта келе жатқан “Mercedes-Benz Sprinter” көлігімен соқтығысқан.

Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізілген. Ал «Мазда 626» маркалы автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы