Абай облысында боранда жоғалып кеткен бала табылды

12 Ақпан 2024, 00:10
1444
Бөлісу:
Абай облысында боранда жоғалып кеткен бала табылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысында боранда жоғалып кеткен 8 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бала Аягөз қаласының шегінде табылды. ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасу орындарына қайтады, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Полиция бақытты отбасының фотосуретімен бөлісті.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген. Баланың таңертең атпен үйден шығып кеткені белгілі болды. Туыстары оның сағат 10.00 шамасында 8 жасар бала мал іздеп атқа мінгенін айтқан.

Іздеу жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және 20 жылқы жұмылдырылған. Оқиға орнына Семей қаласы ТЖД қосымша күштері мен құралдары жіберілді.

Сондай-ақ ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Қазавиақұтқару тікұшағының ұшуы жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы