Абай атындағы мемлекеттік сыйлық кімдерге бұйырды?

22 Қазан 2022, 09:06
3853
Бөлісу:
Абай атындағы мемлекеттік сыйлық кімдерге бұйырды?

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;

4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы  20 қазан

                № 1050

Өзгелердің жаңалығы