Ақтөбе облысында ТЖ кезінде 853 тәртіп бұзушылық анықталды

23 Сәуір 2020, 14:10
1329
Бөлісу:
Ақтөбе облысында ТЖ кезінде 853 тәртіп бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 853 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 818 құқық бұзушылық, оның ішінде 168 адам қамауға алынды, 213 айыппұл салынды, 399 ескерту жасалды, 29 материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 35 бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 айыппұл салынды, 18 қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері "Құрмыш" ауданында тұратын 30 жастағы ер адам карантин режиміне қарамастан өз үйінде қонақтарды қабылдағанын анықтады. Пәтер иесі мен оның 3 қонағына ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 6 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот оларды 2 және 3 тәулікке әкімшілік қамауға алды, - делінген хабарламада.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 38-ге жетті. Сонымен қатар 130-дан астам автокөлік айыппүл тұрағына жабылды.
Өзгелердің жаңалығы