Ақтөбе облысында суға түсу маусымы басталғалы 13 адам батып кетті

26 Шілде 2019, 09:36
1908
Бөлісу:
Ақтөбе облысында суға түсу маусымы басталғалы 13 адам батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шомылу маусымында суға кеткендердің екеуі – бала. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Суға кету салдарының басты себептері – белгіленбеген орындарда шомылу, ата-аналары балаларын қараусыз қалдыруы және ересек адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Биылғы шомылу маусымы басталғалы он үш адам қайтыс болды. Тіркелгендердің ішінде екеуі бала.

«Қайғылы оқиғалар Ақтөбе қаласынан бөлек Алға, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар аудандарында да тіркелді. Облыстағы барлық жағажайларда кезекшілік жүргізіліп жатыр. Соның арқасында биылдың өзінде жиырма алты адам судан құтқарылды», - дейді Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов.

Облыс көлемінде 51 жағажай ашылған. Оның отыз тоғызы коммуналдық, он екісі жеке жағажайлар болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы