АҚШ Эт-Таджиге соққы жасамады – коалиция өкілі

4 Қаңтар 2020, 16:30
3063
Бөлісу:
АҚШ Эт-Таджиге соққы жасамады – коалиция өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка соңғы күндері Эт-Таджиге әуеден соққы жасаған жоқ. Бұл туралы "Непоколебимая решимость" операция штабының өкілі хабарлады.


Америка Құрама Штаттары Ирак астанасы Багдадтың солтүстігіндегі Эт-Таджи ауданына әуеден соққы жасады» деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы "Непоколебимая решимость" операция штабының ресми өкілі, полковник Майлс Кэггинс Twitter  парақшасында жазды.

Оның айтуынша, жақын күндері бұл ауданға коалиция әуеден ешқандай соққы жасамаған. 

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Багдадтағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. 

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.

АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты. Иран Ислам революциясы күзет корпусының  "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады. Бүгін АҚШ Ирактың солтүстігіне шабуыл жасады деген ақпарат тараған болатын.
Өзгелердің жаңалығы