АҚШ Ирактың солтүстігіне шабуыл жасады

4 Қаңтар 2020, 12:05
2496
Бөлісу:
АҚШ Ирактың солтүстігіне шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Аль-Хашд аш-Шааби" шейіт жасағының көліктеріне шабуыл жасалды. Алты адам қайтыс болды.

АҚШ Ирак астанасының солтүстігінде "Аль-Хашд аш-Шааби" шейіт жасағының көлік колонносына әуеден соққы жасады. Бұл туралы 4 қаңтарда AL Sumaria телеарнасы хабарлады.

 Соққы Салах-эд-Дин провинциясында Таджи қаласына жақын жерде жасалған. Салдарынан алты адам қаза тапқан және үш адам жарақат алған.
Телеарнаның хабарлауынша, соққы АҚШ Қарулы күштері жасаған. Олар жасақ командирлерінің біреуі көлікте бар деп ойлаған. Алайда көлікте Аль-Хашд аш-Шааби дәрігерлері болған.

Кейінірек шейіт жасағы БАҚ-иың командирдің өлімі туралы таратқан ақпарат жалған екенін және шабуылдан дәрігерлер зардап шеккенін растады.
Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. 

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты. Иран Ислам революциясы күзет корпусының  "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады.
Өзгелердің жаңалығы