Қостанайда киіктің 7 метрлік мүсіні орнатылмақ

9 Тамыз 2019, 14:26
3013
Бөлісу:
Қостанайда киіктің 7 метрлік мүсіні орнатылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдың 140 жылдығына орайластырып облыс орталығына киіктің мүсіні орнатылмақ. Бұл туралы alau.kz сайты хабарлады.

17 тамыз күні «Қостанай Плаза» сауда орталығының алаңында «Сайғақ» атты киіктің мүсіні орнатылмақ. 

Мүсіннің авторы – Марат Махамбетов, инсталяцияның биіктігі 7 метр, айна пластик материалынан жасалған. Мүсін Қостанай қаласының 140 жылдығына арнайы орнатылмақ. Жобаның мақсаты - мүсінді тек қалаға көрік беретін нысан ретінде қарамай, киіктерге қатысты проблемаға назар аударту болып табылады. Сонымен қатар, облыс орталығында бұл нысаннан басқа тағы қазақстандық және шетелдік авторлардың 12 туындысы өз орнын таппақ.

Сонымен қатар, осы арт-нысанға қатысты жаңалықтарды әлеуметтік желіде #вымру_дорого_навсегда хэштегімен танысып отыруға болады.  

Өзгелердің жаңалығы