Қордай тұрғындарына арналған мәдени-гуманитарлық акция өтті 

23 Ақпан 2020, 16:07
1520
Бөлісу:
Қордай тұрғындарына арналған мәдени-гуманитарлық акция өтті 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қордай ауданындағы Масанчи және Сортөбе ауылының тұрғындарына арналған бірінші мәдени-гуманитарлық акция өтті. 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақпаратқа сүйенсек, іс-шараны Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театр мен "Үй" қоры ұйымдастырды. 

Ауыл мектебінің акт залында театр әртістері "Дорогою Добра" поэтикалық-музыкалық спектаклін, ұлы ақын Абайдың шығармаларын, қазақ әндері мен орыс, дүнген билерін ұсынды. 

 Қойылым соңында зардап шеккен отбасының балаларына мектеп формасы, кеңсе заттары, театр атынан мектеп кітапханасына кітаптар табысталды. 

Айта кетейік, 27 наурызда Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрда поэт Марина Цветаеваға арналған "Махаббат пен махаббат арасында" атты спектакльдің тұсаукесері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы