99%. Құрылыс министрі білім беру нысандарының дайындығы туралы айтты

19 Қыркүйек 2023, 10:59
693
Бөлісу:
99%. Құрылыс министрі білім беру нысандарының дайындығы туралы айтты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу жылының басталуына, бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім беру нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет болатын. Әкімдіктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы - 99,6%. Сегіз өңірде 42 білім беру нысаны бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған, – деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ Шарлапаевтың айтуына қарағанда бұл салада денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9%-ке дайын.

Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындалмаған нысандардың ең көп саны Абай - 28, Ақтөбе - 12, Атырау - 6 облыстарында байқалады, – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Өзгелердің жаңалығы