9 жасар бала Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақта көз жұмды

11 Шілде 2021, 10:01
5516
Бөлісу:
9 жасар бала Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақта көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақта бала анасымен бірге болған. Air Astanа әуе компаниясының хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілдеде болған.

Бала өзін ұшақ ұшар кезде нашар сезінген. Экипаж оны оттегі аппаратына қосқан. Бала оның көмегімен 30 минут дем алған. Алайда ұшақ төмендеген кезде бала есінен танып қалған.

Балаға әуе кемесін қондыру кезінде және қондырған соң жүрек-өкпе реанимациясы жасалды, сонымен қатар дефибриллятор қолданылды. Әуежайда баланы дәрігерлерге тапсырған, бірақ, өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмаған.
Өзгелердің жаңалығы