Алдағы үш тәулікте 38 градусқа дейін күн ысиды

8 Мамыр 2019, 15:15
2288
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте 38 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 2019 жылғы 9-13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

"Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада. 

Қазгидромет мамандарының болжамынша, аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы