"9 ай жасырдым". Төреғалидің қарындасы сүйінші жаңалығымен бөлісті

6 Желтоқсан 2023, 17:07
19770
Бөлісу:
"9 ай жасырдым". Төреғалидің қарындасы сүйінші жаңалығымен бөлісті
Фото: instagram.com/farizatoreali

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы, блогер Фариза Төрәлі сәбилі болғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт... Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын! 9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді, артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар болды, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол өзінің аурудан сауығып, жақындарына қосылғанын жеткізді.

Бала туғаннан кейін Түркияға баруға тез шешім қабылдадық. 7 күндік баламызды қалдырып, кетуге мәжбүр болдық. Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру. Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді. Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді!, - деді блогер.

Өзгелердің жаңалығы