Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында спорт ардагерлері С.Ж. және К.А.-ның ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарсы ақшалай сыйақы төлеуден бас тартуды заңсыз деп тану талабы бойынша әкімшілік іс қаралды.
Талап қоюшылар 2014 және 2019 жылдары ардагерлер арасындағы әлем чемпионаттарында алған жүлделі орындары үшін (дзюдодан үшінші орын, еркін күрестен екінші орын, грек-рим күресінен үшінші орын) ақшалай сыйақы төлеуден бас тартуға шағымданған.
Министрлік өз бас тартуын халықаралық ардагерлер жарыстарына қатысатын спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың құрамына кірмейтінімен, сондықтан ақшалай сыйақы алуға құқығы жоқ екенімен негіздеген. Сондай-ақ ардагерлер арасындағы әлем чемпионаттарының ресми ұлттық құрама мүшелері қатысатын әлем чемпионаттарынан мәртебесі өзгеше екені көрсетілген.
Сот іс материалдарын зерттей келе, бас тартудың заңсыз екендігі туралы қорытындыға келді.
Сот қолданыстағы заңнамада халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған спорт ардагерлеріне ақшалай сыйақы төлеуге тыйым салынбағанын анықтады. Халықаралық спорт жарыстарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы төлеу қағидаларында спортшыларды ардагерлер және әрекеттегі спортшылар деп бөлу көзделмеген. Сонымен қатар сот талап қоюшылардың халықаралық жарыстарға тиісті Федерация
тарапынан ресми түрде қатысуға ұсынылғанын, ал жүлделі орын алғаны жарыс хаттамаларымен расталғанын назарға алды, - деді Қостанай сотының баспасөз қызметі.
Халықаралық спорт жарыстарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша құрама командалар мүшелеріне ақшалай сыйақы төлеудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес, жеке спорт түрлерінде әрбір спортшыға әрбір иеленген жүлделі орын үшін 100% мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді.
Спортшыларға ақшалай сыйақы төлеуді реттейтін заңнама нормаларында уәкілетті органға жүгіну мерзіміне, спортшының жасына немесе халықаралық спорт жарыстарында ҚР намысын қорғап, жүлделі орын алған спортшының өзге де белгілеріне байланысты шектеулер көзделмеген. Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының қорытындыларымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін ә қызметкер 26 жыл қызмет етсе де зейнетақысыз қалғанын хабарладық.
Тағы оқи отырыңыздар:
Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы төленді
Жетісу облысында ардагерлерге 296 млн теңге төлемақы беріледі
Сыйақы алу үшін шотын өзгелерге берген әйел жауапқа тартылды