Жеңіс-75. Ұлттық банк коллекциялық монеталар шығарды

27 Наурыз 2020, 17:05
1874
Бөлісу:
Жеңіс-75. Ұлттық банк коллекциялық монеталар шығарды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың номиналы 500 теңгелігі күмістен, номиналы 100 теңгелігі МН25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелігі нейзильбер қоспасынан жасалған. «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы бойынша шыққан коллекциялық монеталар Жеңіске 75 жылдығына арналған.

Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша хабарланатын болады – делінген банк хабарламасында.

"ЖЕНІСКЕ 75 ЖЫЛ" монеталарының сипаттамасы

"ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ" монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар.

Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде – мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді. Монетаның дизайнына Қазақстан Ұлттық Банкі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген "ЖЕҢІС МОНЕТАСЫН ЖАСА!" жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды.

МН25 мельхиор.jpg

"Қара proof" дайындау сапасымен күмістен жасалған монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы 2 000 (екі мың) дана дайындалды. 

МНЦ 15-20 нейзильбер.jpg

МН25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, "brilliant uncirculated" дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 8 000 (сегіз мың) дана дайындалды.

«Қара proof» дайындау.jpg

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, "brilliant uncirculated" дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 100 000 (бір жүз мың) дана дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайындалған.
Өзгелердің жаңалығы