"7-20-25" бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады

7 Қараша 2019, 16:59
8151
Бөлісу:
"7-20-25" бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасы қазіргі уақытта займ бойынша 7% төмен пайыздық мөлшерлемемен ең тиімді ипотекалық бағдарлама ретінде саналады. 

Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің максималды құны — 25 млн теңге), займды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылды.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасымен 2018 жылы ҚР Ұлттық Банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама тұрғындардың көпшілігіне бастапқы нарықтан 25 жыл мерзімге, тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасымен, жылдық 7% мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға арналған.

"7-20-25" қолжетімді несие шарттарымен әрбір қазақстандық үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстанда тұңғыш рет тек құрылыс салушыдан бастапқы нарықтан баспана алуға болатын тұрғын үй бағдарламасы қабылданды, оны бағдарлама қатысушысы өзі таңдайды. Қарыз алушыдан заемды ұсынғаны және қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынбайды. Сондай-ақ, кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажет болған жағдайда барлық шығындарды несие берген банк көтереді. Бұған дейін әрекет етіп тұрған ипотекалық өнімдердің бірде-бірінде осындай несиелеу шарттары болған жоқ.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады

"7-20-25" бағдарламасы бойынша несие алу үшін жеке тұлға бірнеше талаптарға сай болуы керек, олар:

● Қазақстан азаматтығы;

● меншік құқығында ҚР аумағында тұрғын үйінің болмауы;

● кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірістің болуы;

● ипотекалық несиелерінің болмауы.

Жалпы, Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап, осы жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтардан 81,9 млрд теңге сомасына 5 980 өтінім қабылданды, оның ішінде 52,3 млрд теңге сомасындағы 3 790 өтінімді несие беруші банктер мақұлдады — бұл Қазақстанның барлық өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. 

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын, полиция департаментінде жұмыс істейтін білікті мамандар корпусын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі баспана сатып алуға номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін жабады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қызмет салалары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен 397 млн теңгеге 397 тұрғын үй сертификаты берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болатыны жайлы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы