«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?

7 Сәуір 2023, 16:28
1334
Бөлісу:
«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?
Фото: egov.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов «7-20-25» бағдарламасына қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк жарияланған ақпаратқа сәйкес жұмыс істейтін болады. Яғни жылына – 100 млрд теңге, тоқсанына – 25 млрд теңге. Бұл параметрлерге өзгерістер енгізу жоспарда жоқ, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп.

Айтуынша, арзан әрі нарықтық емес ипотека ұсыну Ұлттық банктің міндетіне кірмейді.

Бұл дағдарысқа қарсы іс-шаралар болатын. Ұлттық банк осы бағдарламаларға қатысты, олардың барлығы дағдарысқа қарсы әрі уақытша еді. Бұл шаралардан неғұрлым ертерек шықсақ, оның ғұмыры қазақстандықтар үшін жақсырақ болады. Естеріңізде болса, бастапқыда 2018 жылы жарияланған кезде бір трлн теңге екендігі айтылды. Бұл қаржы биыл бірінші жартыжылдықта игеріліп бітуі тиіс еді. Былайша айтқанда, біз барлық міндеттемелерді орындап жатырмыз. Уәде беріп, кейін оны алып тастаған жеріміз жоқ. Ешкім бағдарлама шексіз жүзеге асырылып, қаражаттың да шегі жоқтығы туралы айтқан жоқ, - деді Ғалымжан Пірматов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамына қатысты айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы