Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов доллардың курсына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық банктің басты мақсаты – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ал доллардың теңгеге шаққандағы құны нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың болуына қарай анықталады. Ұсыныс пен сұранысқа түрлі факторлар әсер ететіні белгілі, - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол осы мәселеге қатысты Ұлттық банктің алдында белгілі бір деңгейге қол жеткізу міндеті тұрған жоқ деп отыр.
Доллардың ағымдағы құнына сыртқы, сонымен қатар ішкі факторлар, онымен қоса нарық қатысушыларының болжамы әсер етеді, - деді Ғалымжан Пірматов.