Қазақстанның соңғы жаңалықтары

6-сынып оқушысына Free Fire ойынын 2 млн теңгеге сатқан

16 Мамыр 2025, 09:42
1005
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды, - делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.

Өзгелердің жаңалығы