6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан

30 Маусым 2022, 17:00
1216
Бөлісу:
6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда жол апатынан 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Осыған байланысты министрлік азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде жол апатынан тәулік сайын 10-нан аса адам қаза табады. Оған қоса 70-ке жуығы түрлі жарақат алады. Хол апатынан зардап шегушілердің басым бөлігі –балалар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар.

Жол көлік оқиғасының басты себептері – жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету және жүргіншілер жолын байқамау, – дейді министрлік.

Министрлік азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды ескертті, – деп хабарлады Qazaqstan ұлттық арнасы.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстановтың айтуынша, жылдамдықты және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықты сақтау өте маңызды.

Мысалы, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен оның зардабы ауыр. Жылдамдық режимін сақтамау отбасы үшін қатерлі. Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов

Өзгелердің жаңалығы