Ұялы телефон, мұнара, электромагниттік өрістер: 5G технологиялары денсаулыққа қауіпті ме? – ДСМ түсіндірді

Ұялы телефондар, мұнаралар және электромагниттік өрістердің денсаулыққа әсері қандай?

17 Тамыз 2026, 17:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 17 Тамыз 2026, 17:15
17 Тамыз 2026, 17:15
155
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Кейде адамдар ұялы телефондар, мұнаралар және электромагниттік өрістерден денсаулыққа зиян келетініне қатысты алаңдаушылық білдіріп жатады. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қолданыстағы заманауи ғылыми деректер белгіленген қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда 4G/5G технологиялары адам денсаулығына қауіпті емес екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеу нені көрсетті?

Қолда бар ғылыми деректерді бағалау мақсатында биыл Қазақстанның бірқатар ғылыми және медициналық ұйымдарының мамандары халықаралық зерттеулерге талдау жүргізген болатын. Мета-талдаулар мен жүйелі шолуларды қоса алғанда, 255-тен астам ғылыми жарияланым зерттелді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күнге дейін электромагниттік қауіпсіздіктің халықаралық нормалары сақталған жағдайда 5G технологияларының адам денсаулығына ұзақмерзімді кері әсер ететіні туралы сенімді ғылыми дәлелдер алынған жоқ.

Ғалымдар радиожиілікті сәулеленудің әсерін зерттеуді жалғастыруда. Жекелеген мәселелер әлі де ғылыми пікірталастардың нысаны болып отыр. Сондықтан ғылыми қоғамдастық ЭМӨ-ні нормалау кезінде сақтық қағидатын ұстанып, жаңа ғылыми деректерді тұрақты түрде бағалап отырады. Қазақстанда ЭМӨ деңгейлері санитариялық-гигиеналық нормативтермен реттеледі. Бұл нормативтер әсер етудің шекті рұқсат етілген деңгейлерін белгілейді және олардың сақталуы денсаулыққа қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді, - дейді комиеттің баспасөз қызметі. 

Халық үшін белгіленген ЭМӨ-нің рұқсат етілген деңгейлері кәсіби қызмет барысында жұмысшыларға әсер етуге арналған нормативтерден төмен және гигиеналық қауіпсіздіктің елеулі қорын қарастырады.

4G/5G қауіпті емес

Белгіленген талаптар сақталған жағдайда ұялы байланыс мұнаралары мен 4G/5G жабдықтарының болуының өзі оларды халық денсаулығына қауіпті деп санауға негіз болмайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі заманауи технологиялардың әсері туралы ақпаратты ресми және ғылыми тұрғыдан негізделген дереккөздерден алмай, әлеуметтік желілердегі тексерілмеген мәліметтерге сүйеніп, ықтимал қауіптер туралы қорытынды жасау орынсыз әрі қате екенін ескертеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан 3G-дан бас тартып, 5G-ға ауысатыны хабарланған

Тағы оқи отырыңыз:

Google үш жаңа суасты байланыс желісін тартады

Қазақстанда Starlink спутниктері арқылы байланыс қашан іске қосылатыны белгілі болды

Ұялы байланыс күшейткіштерін өз бетінше орнатуға тыйым салынады

Наверх