Ұялы байланыс күшейткіштерін өз бетінше орнатуға тыйым салынады

Шектеу сертификатталмаған репитерлердің ұялы байланыс желілеріне келтіретін кедергілеріне байланысты енгізіледі.

21 Шілде 2026, 13:56
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 21 Шілде 2026, 13:56
21 Шілде 2026, 13:56
473
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді тек операторлар ғана тасымалдап, орната алады. Жаңа норма кедергілерді жоюға және байланыс сапасын арттыруға көмектесуі тиіс. Бұл туралы ҚР Жасанды интелект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді бақылаусыз пайдалану белгілі бір орындарда байланыс сапасының нашарлауына әкеп соқты. Осы мәселені шешу үшін сигнал күшейткіштерді тек байланыс операторларының тасымалдауы және оларды тек операторлардың орнатуы туралы норма қабылданды. Бұл репитерлерден келетін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді, – деді ол.

Түзетулердің тағы бір блогы телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жеделдетуге бағытталған.

Байланыс ғимараттары үшін жер учаскелерін бөлу процедурасы жеңілдетіледі. Мұндай объектілерді салу үшін оларды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және бас жоспарға міндетті түрде енгізу талап етілмейді.

Бұл желілер мен телекоммуникация объектілерінің құрылыс мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, байланыс операторларына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда желілер салу мүмкіндігі берілді.

Досжан Мұсалиевтің айтуынша, бұл туристік және басқа да қорғалатын аймақтарды байланыспен қамтамасыз ету үшін қажет.

Бұдан бөлек, спутниктік байланысты пайдалану шарттары жаңартылды. Шешім технологияның тиімділігін және оны кеңірек қолдану мүмкіндігін көрсеткен пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қабылданды.

Наверх