5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

5 Шілде 2019, 08:15
2491
Бөлісу:
5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болады.

Оңтүстікте күн ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жауады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қатты  ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.                    

Өзгелердің жаңалығы